Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  193


Автор: Рза Қунақова

Алатауға асылып Ай күледі...

Алатауға асылып Ай күледі,
Есімде жоқ, жаным-ау, қай күн еді?
Сен болғанда самала шуақ күнім,
Мен сенің саяңдағы май гүлі едім.
Мамырстан мүлгіген дала түнгі,
Мінезіңдей момақан бала күнгі.
Əнім де сен, түсінсең, жаным да сен,
Жүрегіме салмашы жара түрлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу