Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  96


Автор: Жандарбек Жұман

Біз кеше қоштастық...

Біз кеше қоштастық...Белгісіз себеппен,
Бойыма барады ызғарлы Түн сіңіп.
Сезімді жұбатып жүрекке сен екен,
Отырмын қараңғы бөлмеде күрсініп.

Басында жай ғана ұнаттым...бір көріп,
Ал,сенің ішкі ойың маған да анық тым.
Байқамай сиқырлы сезімге сыр беріп,
Соңында өзіңе ғашық боп қалыппын.

Бұл сөздің дәлелі-кездесу күндегі,
...Бүгінде саябақ мұңайды біз барған.
Солды ма нәп-нәзік үміттің гүлдері,
Тағы да қанатын қақты ма ізгі арман?!

Кеттің бе мендегі сезімді шын ұрлап?!
Шарасыз пендемін...Жоқ қазір амалым,
Ұялы телефон қалса егер шырылдап,
....Сен бе деп қаламын.

СМС хаттарды жаттаған көздерім,
Нөмірің тұтқамда жойылмай тұр әлі
Ұйқымнан таңертең оятқан кездерің-
бақытты сәттердің тұмары...

Шаттығым мұңдарға мас болып тарқамақ,
Өтсе де шыдаймын, көнемін маған сыз.
Барамын үзілген үмітті арқалап,
...Біз күліп қоштастық...Амалсыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу