Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  68


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Жел

Ашуланып жүргенің,
Көңіліңе қонбайды,
Балдызымдай бір менің
Қалпағыммен ойнайды.
Еркін өсіп далада,
Ерке болып кеткен бе!
Əлде есіріп ала ма
Күзбенен қыс, көктемде.
Деймін: саған жел ерке
Бетімнен сүй, аймала
Балдыз болу тым ерте,
Қалпағыммен ойнама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу