Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  217


Автор: Нұрлан Қалқа

Ұзынбұлақ - ауылым

Ұзынбұлақ – ауылым, алтын бесік,
Біздер үшін тау менен тасың несіп.
Қулық таудан бүлдірген тердік талай,
Шарынның тек жағасын жүрдік кешіп.
Ұзынбұлақ – ауылым, ыстық маған,
Балғын күндер жадыда мəңгі қалған.
Талай елде боп жүріп ұқтым енді,
Жер жетпейді жалғанда білсем саған.
23.10.2012 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу