Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көтерілгің келсе-дағы аспандап...

Көтерілгің келсе-дағы аспандап,
Көкке апарар табылар ма баспалдақ?
Бәрі, бірақ, Жаратқанның еркінде,
Тілер болсаң екі көзден жас парлап.
Сол жағыңнан қарап тұрған періште
Жөн ісіңді шығара алмас теріске.
Оң жағыңнан жазылмаса сауабың,
Айырмаң не жүрген малдан өрісте?
Көңіл кейде көгершіндей қалықтап,
Көк жүзінде қанат қағар шарықтап.
Көңіліңе өмірің де сай болсын,
Сол арасын белгілеп қой анықтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу