Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  78


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көк пен жерді жеті қат алты күнде жаратқан...

Көк пен жерді жеті қат алты күнде жаратқан,
Нағыз шебер Құдірет елді аузына қаратқан.
Жан-жануар, өсімдік – бәрін жұптап жаратқан,
Жерге, суға, көкке де демін үрлеп, таратқан.
Судың өзін жасаған сұйық және қатты қып,
Дәмнің өзін жасаған ащы және тәтті қып.
Күн мен айды жалғыз қып, жұлдыздарды молайтқан,
Қара бетті ағартып, ақ жүректі қарайтқан.
Адамзаттың басына ойлап тауып сынақты,
Жеті тозақ жасаса, сегіз қылған жұмақты.
Көріп тұрған баршаның жегені мен ішкенін,
Періште мен шайтанның бақылаған істерін.
Алты күнде жаратқан он сегіз мың ғаламды,
Ғаламаты Алланың – біздер үшін қараңғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу