Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  339


Автор: Шабаз Иманалиев

Жесір ана, жетім бала қандай-ды...

Жесір ана, жетім бала қандай-ды,
Желге тосқан, күнге тосқан маңдайды.
Жақсылыққа жаны жақын адамдар
Жамандыққа еш уақытта бармайды.
Қысқа жібім келмесе де күрмеуге,
Болмаушы еді оны көзге ілмеуге.
Егіздің біз сыңарындай, дос көңіл
Қос жүректің мекені еді бір кезде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу