Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
296
ҚҰРБЫМА
Аралап саябақты ұзап барып,
Жасырын бөгде көзден жырақ қалып;
О, құрбым, есіңе алшы кештерді сен
Қайтатын айлы түнде сыр ақтарып.
Сен тұрсаң күн көзіндей күле шығып,
Қайтушы ем көңіліме гүл өсіріп.
Қабағың тұнжыраса, үндемеуші ем,
Қалғандай жүрек сөзі түгесіліп.
Өмірдің бірге ойладық қиялдарын,
Бір тарттық болашақтың күй-арманын.
Аяулым, бір өзіңе жүрегімнен
Махаббат – ұмытпастай сый арнадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇