Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  199


Автор: Ғафу Қайырбеков

КӨҢІЛІМ СҰП-СҰР

Көңілім сұп-сұр. Қайда əнші, келші бермен,
Алтын сынды арфаны шерт жігермен.
Қалтырамай саусағың қақсын безек,
Үнін оят жұмақтың, естиін мен.
Тауыспаса барымды тағдыр сарқып,
Бір сілкініп көрейін тағы шалқып.
Көзімдегі ақ сүңгі – ақырғы жас
Ет қызумен ерісін о да балқып.
Ащы əніңді аяма, шерт күштірек,
Тəтті əніңді көтермен – дерт күштірек.
Жылат мені, етегім жасқа толтыр,
Қақ бөлінсін демесең тепкіш жүрек.
Келді кеудем мұң-шері бір басылмай,
Уға толған ажалдың құмырасындай.
Жетті сағат: ол дағы уға толды,
Ұзақ төзді өзінен сырды асырмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу