Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2022
309
О, ДАРИҒА, ОЛ БЕЙІШТІҢ ІШІНДЕ
О, дариға, ол бейіштің ішінде
Жаның өлмей, қалса сүю күшінде.
Рас болса, қауышарсың есен-сау
Тірліктегі жүрек ынтық кісіңе,
Сапар шегіп дүниеге сол жұмбақ,
Рахат қой мойынсұнып, көз жұмбақ.
Рахат қой жер қайғысын ұмытып,
Өлмес өмір жайын ғана сөз қылмақ!
Қалса бір күн əлім шіркін төтен кеп,
Ажал – шыңырау, қазір құлап кетем деп,
Өмір – арқан жабысасың ұшына,
Соңғы түйін қолдан шықпаса екен деп,
Өзіңді емес, өзге өмірді қимайсың,
Қимайсың да, қыршын жанды қинайсың.
О, дариға, үміт тəтті шүбəдан,
Болып мəңгі жан саламат, ден аман,
Сонау ғана жанмен жаным тоғысып,
Мəңгі өлмейтін күн кешем деп жұбанам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇