Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  74


Автор: Марфуға Айтқожина

КИЕВКЕ БАРҒАНДА

Бұл неғылған ғажайып жасыл қала,
Қимайсың көк шалғынын басуға да.
Ғұламаның жүзіндей ойға шомып,
Сұңғыланың өзіндей жатыр дала.
Бұл нағылған ғажайып,
Жасыл қала,
Үн қатады алдағы ғасырға да.
Бүгінгісін өрнектеп,
Өрге басса,
Шежіресі жазылған тасын қара!
Бұл нағылған ғажайып жасыл қала,
Сан шайқаста қалмапты жасып дала.
Ұрпағына жол сілтеп,
Айбынданып,
Днепрдің қарап тұр басында Ана!
Бұл нағылған ғажайып жасыл қала,
Шежіресі жазылған тасында да.
Тасын қара,
Қаланған ескерткіш боп,
Қиылыпты-ау,
Қыршындар осында да...
Естімеген есімдер,
Тосын, жаңа,
Қалғып кеткен қырандар,
Батыр, бала...
Днепрдің үстіне шоғырланып,
Төгіп өтті бұлттар да жасын жаңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу