Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  114


Автор: Кәкімбек Салықов

Татулыққа кезің жоқ көніспеген...

Татулыққа кезің жоқ көніспеген,
Жан құпия... от сезім бөліскен ем.
Тәтті түстей өтеді еске түсіп,
Сәтті күндер махаббат өрістеген.
Жыр ма екенсің...
Сол күндер, ән бе екенсің?!
Нұр төгіліп, өмірді сәнді етесің.
Дос ниетпен махаббат өзің қидың
Қос жүректің аяулы ақ некесін.
Қазды қайтем аққулы көлде жүріп,
Жазды ұмыттым... сұлу күз өңдендіріп.
Соңғы деген, япырмау, сол екен ғой,
Құштарлыққа құнығып сөнген үміт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу