Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  81


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖЕР

Жер-ананың тəнтімін ерлігіне,
Қазынасын ақтарып берді, міне!
Түсінбеймін, алайда, түсінбеймін,
Қара жер деп атайды жерді неге?
Бар тіршілік жерден нəр алатындай,
Кең төсінде өзендер ағар тынбай.
Жазда жасыл,
қыста əппақ,
көктемде көк,
Күздікүні сап-сары саф алтындай.
Байтақ мекен жап-жасыл орманымен,
Жапан түзді көркейткен бауларымен,
Көкпеңбек ол толқыған көлдерімен,
Құзар басын бұлт шалған тауларымен.
Туындайды сан түрлі ой осында,
Жер-ананы теңер ек қай асылға?!
Жерім менің жап-жарық толған айдай,
Шетсіз-шексіз кеңістік аясында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу