Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  95


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жусанға да...

Жусанға да,
ерменге де,
кендiрге мұң шағамын,
ұстағанда «желкiрне»...
Сауығамын иiсiңдi иiскелеп,
Өткiзедi өзегiнен өндiр де.
Қызғалдақты,
сарғалдақты қырат - қыр
таңғы шыққа кiрпiктерiн шылап тұр.
Дөңгеленген дүниенiң дiңiнде
өмiр күлiп,
көңiл өксiп жылап тұр.
Бетегесiн,
дерменесiн,
көдесiн
жамбасқа алып,
өрелеп ой өресiн,
сұлбасынан селдiреген селеудiң
бабалардың ақ сақалын көресiң...
Сағыныштың тiгiстерiн сөгесiң.
Белесiнiң,
төбесiнiң сыры бар,
Бұл далада ата-бабам құны бар...
Саусағыңмен шұқыласаң шоқысын
Түрегелер тайжақылы ұрылар.
Жусаны да,
ерменi де,
кендiрi– бар байлығын
Иеленер ендiгi !
Жаным жомарт,
жүрек жылы,
көңiл бос болатыны
Сол даламның кеңдiгi?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу