Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  111


Автор: Бақыт Беделханұлы

Аяқталмайтын сағыныш

Самал желімді сағындым Сарытоғайымды,
Аттандырыңдаршы ауылға?!
Көрейін көзбен туған жер, мəрт ағайынды
басайын сүйіп бауырға.
Сəби-күлкімді естиін сазды ауыл жақтан,
Сағынғанымды айт, оған.
Сыртынан ғана байқайын мəз
болып жатқан.
Балалығымды қайтадан.
Тəу етіп тағы қайтайын тау етегіне,
Мен сонда туған бөрі едім.
Батамен байлап, шарт түйген тəуекеліме,
Тəнті боп жүрсін өр елім...
Ақ жарыл, арман адаспас бақ – жолым
болып,
Тұрғанда заман азынап.
Туған жерімнің асқарлы ақ жонын көріп,
Арқаланайын азырақ.
Бабаларым бар мəрттіктің кепілі сынды
Далаларым бар – өрлігім.
Шыңда өскен шынар секілді,
өкінішімді
өлеңмен жеңдім,
көр бүгін!
Сарытоғайымды – мəрт ағайынды
сағындым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу