Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  100


Автор: Сəбит Бексейіт

Айдыным

Жанарым нұрға,
Жүрегiм жырға бөлендi,
Жағаңда тұрып суырып салдым өлеңдi.
Арманым менiң,
желкен боп аппақ шақырды.
Сезiмiм менiң толқын боп ерте жөнелдi.
Көңiлiм – айдын,
Жүрегiм – қайық, тербелдi.
Шабытты шалқар, сезiмдi сергек
Сен бердiң.
Бейнеңдi, әттең, көшiру қиын,
өйткенi
Шығармасысың,
Табиғат деген зергердiң!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу