Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  192


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сағыныш

Сиясы да қаламымның – сағыныш,
Ұясы да парағымның – сағыныш.
Жүрегімнің дүрсілі де – сағыныш,
Қуану мен күрсіну де – сағыныш.
Жанарымнан үзіледі – сағыныш,
Жаңа мұңнан түзіледі – сағыныш.
Көңіліме қонақтайды – сағыныш,
Жанға салар олақ-қайғы – сағыныш.
Тәтті сәттен сыйлыққа алған – сағыныш,
Қиялымнан жүйрік болған – сағыныш.
Сырқат артып, оны емдеген – сағыныш,
Ұрысқа еріп, жөнелмеген – сағыныш.
Тілегіме керек болған – сағыныш,
Жүрегіме медет болған – сағыныш!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу