Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
123
Көгала үйрек,
Көгала үйрек,
Салдың ирек.
Көл бетiнен
Көрдiм жиiрек…
Көгала үйрек,
Көңiл күйрек.
Жазды бiзге
өмiр сүрмек…
Көгала үйрек,
Көлдi түйреп,
Көзден кетiп,
Кiмдi сүймек?…
Көгала үйрек,
Жүздi билеп.
Толқын тептi
Түйдек-түйдек…
Көгала үйрек,
Бұрдым бүйрек,
Бетiң түзеп
Ұштың сиреп…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter