Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  101


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Тереземе телмiре түн...

Тереземе телмiре түн,
Телмеңдеген сен бiр жетiм –
Аяй сүйген ай бiр бетiн,
Желпи сүйген жел бiр бетiн…
Тереземнен мөлтеңдеме,
Iлiгерсiң ертеңге де.
Мен де сендей мұңлықпын –
Маңдайыңнан шертем неге?…
Тереземе көзiң сатпа,
Тең дəреже өзiң сақта.
Текетiрес қажет емес,
Тiрi жүрмiн өзiм шаққа…
Тереземе үңiлесiң,
Тiрлiгiмнен түңiлесiң.
Кiдiре тұр күбiрлемей,
Кiрдi, бiлем, бүгiн есiм…
Əйнегiме төнесiң кеп,
Жан-жаққа ойы жөнесiн деп.
өле қалар өзiме емес,
өлеңiме сенесiң көп…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу