Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  785


Автор: Сабыр Адай

Қақпа менің қолымды

Жаңа өлең,
Ескі жоқтау ермегім,
Естігім кеп елеңдеймін ерден үн.
Жанартауын жайлап алдым өлеңнің,
Екіталай бермегім.
Жыр өртенсе,
Ізде мені сол маңнан.
(Өмір-базар арба сүйреп толған жан)
Қақпа менің өлең өрген қолымды,
Сəл былай тұр, олжамнан.
Базар батпақ
Жинатпайды ел есін,
Енді амал жоқ, келер күнге сенесің.
Бір бұрышта өңештер мен қарын тұр,
Ішіп алған атау менен кересін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу