Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.03.2022
168
Табандар
Әулісінде бір байдың
Мөлдір суда ыңғайлы
Өсіп жатты Табандар.
Жүзді олар жарқырап, дегендейін қараңдар,
Өтіп жатты күндері, уайым жоқ алаңдар.
Кенеттен
Тоғанға бай Шортаннан жіберіңдер деді өктем,
«Аясаңшы, байеке, – досы оған деді еппен, –
Орынсыз-ау талабың.
Шортандардан қайыр күтіп болмайды:
Табандардың қылқаны да қалмайды,
Білмеймісің жауыздардың аранын?»
«Сөзің жөнсіз бұл айтқан, –
Мырс етті бай, – барлығын да білемін,
Басқа, бірақ, тілегім,
Табандарды сүйеді деп кім айтқан?»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter