Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  233


Автор: Абдрахман Асылбек

Ит

Сотқарлау бір Иті болды мырзаның,
Көрмеді ол жоқшылықты бір мысқал.
Басқа Ит мұндай тұрмысқа
Білдіріп шын ырзалық,
Қылмас еді ұрлықты.
Ал, ол болса бастап жаман сұмдықты,
Етті көрсе, ешбір тағат қылмады,
Табанда ұрлады.
Қожасы оны болмады еш тыңдатар;
Қонбай қойды ақылы.
Досы келіп ақыры,
Кеңес беріп, айтты оған сын қатал:
«Тыңда, – деді, – болғаныңмен тым қатал,
Итті ұрлыққа үйретіпсің, сезінем.
Айыбың сол – сабағанмен бірқатар,
Ұрлық етті қалдырасың өзіне.
Алда Итті ұрлығы үшін қатты ұрма,
Бірақ, еттен бір тістем де таттырма».
Дос кеңесі кәдеге аса бастады –
Қойған соң түк таттырмай,
Ит те ұрлығын тастады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу