Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  123


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

КЕТЕЙІК, ҚҰРБЫМ

Кетейік, құрбым, қырды асып,
Жүрейік қырда сырласып.
Қосылып кетсе несі айып,
Бір ғашық пенен бір ғашық?
Сыңарын іздер гөзел де,
Кетейік жаным өзенге.
Ерініңді тигізші
Ерініме менің кезерген.
Төңкеріліп жанарың,
Таусыла неге қарадың?
Төгілген шашың төбеңнен,
Иыққа қонған қара түн.
Көргендер қаққан таңдайын.
Аппақ-ты неткен маңдайың.
Алқызыл бетің – ақша қар,
Мас қылды жанның қандайын.
Тікелей түсіп бөлінген,
Төсіңе жетпей сөгілген.
Сәулені көріп сүйсіндім,
Омырауыңа төгілген.
...Кетейік, бәрін тастайық,
Басынан бәрін бастайық.
 Көлеңкесімен қорғасын,
Қатты емен сені, жас қайың.
16.07.2014 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу