10.01.2022
  1177


Автор: Жібек Ысқақова

7 жылдық отауларың құтты болсын!

Жеті жылдық отауың,
Құтты болсын бүгінгі.
Киелі сан бақ сыйлап,
Шырқатсын ән, жырыңды.

Отауларың мәңгі боп,
Тамыр жайып өсіңдер.
Жаратқаным жар болып,
Бақытты күн кешіңдер.

Ұрпағыңмен түрленіп,
Амандықта болыңдар.
Таңғажайып күйге еніп,
Толған айдай толыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу