Өлеңдер ✍️

  29.12.2021
  416


РАМАЗАН БАУЫРЖАН

* * *

Іңір.
Елес.
Ібіліс.
Көлеңкем,
Тыныстаған өз демім.
Күбірлейді...
Өзгеше бір күй кешіп,
Іңір мейлі,
Дұғасы да дуалы.
Жел – сыбызғы мұң,
Кеңістікте құс үні.
Өзен толқыны қайғылы ән,
Қар барқыт бұлттар ұсынып,
Жердің көзі – аспанға,
Моншақ-моншақ тамшысын ұшырып,
Ғаламға құлап әр күндер.
Мен мұң ішем тамшы толтырып алақаныма.
Кермек-кермек ой жұтып,
Миымның қан тамырларында,
Күнәмнің дәрісі ішіліп.
Жүрегіме аққу ұя салмаған,
Қарға-ойым тәңірсіз шідерінен босанып,
Еркінмін, – деп кезеді, әзиз сабыр қанымда.
Алысқа қараймын бүркіт көзімен,
Томағамды алып,
Жанарымның от ізі табылмай...
Іңір.
Елес.
Ібіліс




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу