Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
196
Қараңғы түсті
Қараңғы түсті.
Көз байланады,
Түнге айналады төңірек.
Аспанда жұлдыз маздай жанады
Әдеттегіден көбірек.
Қараңғы түсті.
Қарауытады
Қарауыл таулар тұлғасы.
Ақ қылау сәуле қылаңытады,
Жұлдызға тиіп шың басы.
Қараңғы түсті.
Қарағайлардың
Көлеңкелері көз байлап,
Көлбең де көлбең талай ойларды
Құлай да жаздап қозғайды-ақ...
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы қараңғы Түн Жұлдыз аспан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇