Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2021
215
Сенбедің
Сенбедің!
Мен де сенбедім!
Қалдық үндемей,
Басталып кешеу аяқсыз қалды сөзіміз.
Ілуде бірге берілер бақыт жүлдедей,
Бәйгеге түспес қой күрең сынды езіміз...
Қайсыбір қадам қаздаңдай басып баратын,
Қайсыбір батыл жанарын жұмып табатын.
Тоғыспас тағдыр торабы осы болар да,
Қайсыбір жолшы ілесе түсіп қалатын.
сенбеу Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter