Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  266


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айнам-ау

Басың биік Алатау қары кетпес,
Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,
Өтіп жалған барады қапыда-ай.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Басың биік Алатау қары кетпес,
Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай,
Тамағымнан тауықтай тары да өтпес.
Айнам-ау,
Алғаным жоқ сырыңды,
Әлдеқалай қайдам-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу