Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2021
670
Ағажан-Ләтипа
Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,
Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.
Күлше берген баладай алдай түсіп,
Бер жағыңмен әшейінкүлімдейсің.
Ағажан Ләтипа,
Гүлмайдан Ләтипа,
Бір қиял, бір зиян,
Беу-беу Ләтипа!
Ләтипаның қолында гауһар жүзік,
Бозбалалар қарайды көзін сүзіп.
Бір ауыз сөз естімей жүрсем-дағы,
Кете алмадым өзіңнен күдер үзіп.
Құлпырған бейне гүл,
Қызықты жас өмір.
Бір сенде жүрегім,
Құрбыжан өзің біл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇