Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.07.2021
243
Лермонтов көкіректі, көзді туған
Лермонтов көкіректі, көзді туған,
Білмеген айырмайды уды судан.
Бетіне данышпанның күйе жағып,
Не түрлі сұмдық шықты бала қудан.
Бояған ақ дидарын қараменен,
Білсе, неге ойнайды данаменен.
Жақсыға түрі бөлек ит те үрмейді,
Жынды бірдей емес пе баламенен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇