Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  128


Айсұлу Рүстемова‎

Елеңдемеймін ешкімге

Елеңдемеймін ешкімге
Деймін бе? Бәлкім алдау бұл?
Бейтаныс мүлде кескінде
Күлкіңді сенің аңғардым.
Келістім кеткен мезгілмен.
Бейәлім нұрға малындым.
Қол қысып қана көз күлген
Жұмбақ бір сәтті сағындым.
Сені іздеп жолға шықпасам
Жібермей қойған жібі ардың.
Көңіліңді кірсіз ұқпасам
Түсінбей қалған шығармын.
Іздеймін жайлы үніңді,
Кеселге айналған кесене.
Қалдырды ойлар күлімді.
Күлімді көр де ...көсеме.
Ілініп кірпік күлем дер,
Асылған сәтте таң жарға.
Келердей іздеп біреулер
Қараймын кейде вокзалға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу