Өлеңдер ✍️

  18.04.2021
  806


Автор: Махамбет Өтемісұлы

Аспандағы бозторғай

Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.
Қара лашын, ақ тұйғын
Қайыңда болар ұясы.
Қайыңның басын жел соқса,
Қайғыда болар анасы,
Айланбастың Алатау
Бауырында болар саясы.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сөйлесіп, көп тыңдар
Хас асылдың баласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бұл өлеңді таба алмай жүр едім, өзімнің
Жалғастырып шығарамыз деймін

Пікір жазу