Өлеңдер ✍️

  17.04.2021
  480


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Төрттағандар

Біреу - өлі, біреу - тірі: "Ал" мен "Бердің",
Мал қашты уысынан һәмматлы ердің.
"Шықбермес Шығайбайға" тұрақтады,
О дағы біліп : "ал"-ды берген жердің.
Ай - қараңғы, күн - бұлт: түн демеңіз,
Біреу - жарлы, біреу - бай: күндемеңіз!
Ата тілін алмаған арам ұлды
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз!
Ай - қараңғы, күн - бұлт: түн демеңіз,
Біреу - жарлы, біреу - бай: күндемеңіз!
Ата тілін сыйлаған халал ұлды
Хұтпа ұстаған молдадан кем демеңіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу