Өлеңдер ✍️

  27.03.2021
  6893


Автор: Мұқағали Мақатаев

Жетісу

Отанымның орнығып кең төріне,
Айналасын ақ таулар көмкеруде.
Жаралғандай Жетісу ертегіден,
Еркелейді Жетісу ерке күнге
Еркелейді,
Еркелейді,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.
Аясында Алматым тыныстаған,
Алатауым апайтөс ырыс маған.
Болашаққа қазақтың көшін бастап,
Жетісуым барады ту ұстаған.
Жетісуым,
Жетісуым,
Жетісуым барады ту ұстаған.

Ұясынан ұшырған балапаны,
Даңқын елге Жетісу таратады.
Болашағы баламның Жетісуым,
Әлпештеген анамның алақаны.
Әлпештеген,
Әлпештеген,
Әлпештеген анамның алақаны.

Кұншығыстан алаулап таң атарда,
Қасиеттеп қараймын жан- Отанға,
Сәлем берем бас иіп Жетісуға,
Сәлем берем бас иіп Алатауға.
Сәлем берем,
Сәлем берем,
Сәлем берем бас иіп, Алатауға.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Қарақат
Қарақат 22.04.2026 08:56
Ө❤т❤е❤ ❤ә❤д❤е❤м❤і❤ өл❤е❤ң❤
Коркем
Коркем 19.03.2026 16:15
Ап-адемы олен ???
?????
????? 09.02.2026 15:22
Күшті
Болка
Болка 09.02.2026 10:29
??????????????????
Керемет
Керемет 08.02.2026 21:16
Керемет күшті және мен қазір жаттап алдым
Аяла
Аяла 08.02.2026 13:02
Казир жаттап жатырмын
Қиын жаман інім жаттамады
Қиын жаман інім жаттамады
Аяла
Аяла 04.11.2025 13:21
Күшті
13.02.2025 19:20
Керемет
Жұмабай Ағния
Жұмабай Ағния 03.02.2025 19:23
Әжетайфм

Пікір жазу