Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.07.2026
14
КӨҢІЛДІҢ КЕЙ СӘТТЕРІ
Жанымды суыртпақтап ала қашқан,
Әлсіздік бойға бітсе жарамас тән.
Күз қайың жабырқаған кейпін бағып,
Ойымды бөле кетті таң адасқан.
Салмауыр қыркүйек кеп, алып ұшты,
Сұрқай күй амалсыздан жалын ішті.
Күз болып, жан әлемім күйреп жатса,
Сөз болып, жұбатып тұр тағы үн ішкі.
Өр кеудем алған соң ба кейде секем,
Бара ма жансызданып, о, несі екен?
Кетсем де айналамнан тым жырақтап,
Сырға мін, ішкі күйім бермесе екен.
Кеудеме бір өксік дем тығылады,
Сезбей тұр Күннің көзін шұғылалы.
Неліктен жандүнием астан-кестен...
Жия алмай тұрмын ойды сынық әлі?
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇