Өлеңдер ✍️
Достық
Дос деген – жүректегі ақ ниет,
Қиын шақта жоғалмайтын қасиет.
Қуанышың көбейгенде қуанып,
Қайғың келсе, бөлісетін шын тілек.
Байлық үшін достық еш сатылмайды,
Уақытпен де бағасы кемімейді.
Жалған күлкі, жалған сөзден жоғары,
Шынайылық жүректерді біріктіреді.
Кейде үнсіз жанарыңнан ұғады,
Жараланған көңіліңді жұбатады.
Бір ауыз сөз – мың демеуге татиды,
Сол үшін де дос мәңгілік бағалы.
Биік шыңға бірге шығып қуансақ,
Қиын күнде бір-бірімізге сүйенсек.
Өмір жолы қанша алыс болса да,
Достығымыз ешқашан да үзілмес.
Адалдықты бәрінен де жоғары,
Ұстай білсең – мәңгі бірге болады.
Бір-біріне сенім артқан жандардың,
Бақыт жолы әрқашанда оңады.
Жылдар өтсін, уақыт алға жылжыса,
Тағдыр бізді сан тарапқа бұрса да.
Бала күнгі мөлдір достық сезімі
Жүректерде мәңгі бақи тұрса екен.
Досың барда жалғыздықты сезбейсің,
Қиналғанда үмітіңді үзбейсің.
Нағыз достық – өмірдегі ең қымбат,
Одан асқан асыл қазына іздемейсің.
@Мақсатқызы Еркеназ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇