Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.06.2026
132
Жапырақ-өмір
Бір солдың, бір көгердің,
Сенде бар ғой келер күн.
Мен солсам-мәңгі өлермін,
Көз жасын сонда төгер кім?!
Маған төнсе мұнар күн,
Жасын төгіп жылар кім?!
Жылда қайта көктейтін,
Жапырақ-ғұмыр, құмармын.
Толғатқанда сәуір ай,
Қаулайсыңдар жамырай.
Сәби шақты аңсайтын,
Уай, алдамшы көңіл-ай.
Жыл он екі ай толғанда,
Жапырақ орны-орманда...
Қайтып келмес өмірге
Адам ғана арманда.
ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ
"ЖЕРҰЙЫҚ" ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ. 1993 ЖЫЛ. 46-БЕТ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇