Өлеңдер ✍️

  10.06.2026
  25


Автор: Зейнолла Әкімжанов

Мағжан рухы

 


Сонау заман ақынды еңіреткен,
Киім емес, кигенін кебін еткен.
Ыза кернеп, ызғарға кегі кеткен,
Кек қайтарар жастарға сеніп өткен.


Қаншама жыл арада жатсадағы,
Адырнасын керіпті ақ садағы.
"Мен жастарға сенем!" деп үміт етіп,
Ертең атар арайды тоқ санады.


Тегін болмай түбінде осы медет,
Желтоқсанның жалғасқан көшіне кеп.
Рухы мықты бұл үміт дауыл болып,
Санамызды оятқан есіп, елеп.


Иілсек те, емеспіз мүлдем сынар,
(Намыссызға қайраумен кім берсін әл?).
Желтоқсанда бойында жас ұланның
Ұлы Мағжан рухы жүрген шығар?


ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ


"Солтүстік Қазақстан" газеті. 16 желтоқсан 2009 жыл. 7 бет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу