Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2025
218
Аяулым
Аяулым, келші жаным, аялайын,
Өзіңнен бар жақсымды аямайын.
Төрт айдан асты сезім құрғанға да,
Жаныңды көлеңке қып саялайын.
Жар болсаң, нұр жаудырған аяғынан,
Қорықпас күйеуінің таяғынан.
Енеңе жағынудың қажеті жоқ,
Ие болсаң болды, ыдыс-аяғыңа.
Өйткені, сенің енең алтын адам,
Келінін аялаудан тартынбаған.
Қызымды ренжітпе деп өз баласын,
Оқтаумен ұрып алып жарқылдаған.
Аяулым, сені күтіп қайын атаң,
Маңайын жас баладай дайындаған.
Үмітін ақтау керек енді бүгін,
Қаншаға сая болсын қайың маған.
Аяулым, үстімдегі менің жейдем
Болады болашақта сенің бейнең.
Бір шатыр қорған болып екеумізге,
Мазамды алмас еді өлең кейде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter