Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  120


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЗАМАНЫМНЫҢ КЕМШІЛІГІ

 


 


Түзу болса адамның тіршілігі,


Бұл да Алланың сыйлаған кеңшілігі.


Иманды боп өмірін адал сүрген,


Жақсылардың көрінбес кемшілігі.


 


Тағаланың көп болса кеңшіл күні,


Көтерілер кейбірдің кеңсірігі.


Бұл адамға сынасаң билік бергін,


Сонда ғана көрінер кемшіл міні.


 


Тұлпар аттың белгілі жершілдігі,


Оған ыстық жерінің əр шілігі.


Ақша, дүние қуалап елден безген,


Отан сүймес көбейген ер шірігі.


 


Көрсетіп жүр басшылар ерсі үлгі,


Жақсы болып қытайдың көршілігі.


Қазағыма бір тоқым жерді қимай,


Сатамын деп қытайға жер сүлігі.


 


Қайда кеткен қазақтың тектілігі,


Жауды ықтырар айбары, ептілігі.


Бабалардың жауларын дос қылыппыз,


Ұмытқандай қан қатқан кекті күллі.


 


Істеп жүрген басшының көп бүлігі,


Қадірлемей туды да көк тұғырлы.


Көрінгенмен дос болып ақша үшін,


Сатуға бар анасын, кек түгілі.


 


Еркін Оралбайұлы  28.03.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу