Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  123


Автор: Жібек Ысқақова

МАХАББАТЫМ СЕН МЕНІҢ

Күндей жылу беретін,
Шуағым боп енетін,
Махаббаттым сен менің,
Маржан сөзді теретін.
Өміріме мән берген,
Көңіліме сән берген.
Махаббатым сен менің,
Айдын көлде тербелген.
Сен деп білем бақ деген,
Сен үшін деп, тәтті өлең.
Махаббатым сен менің,
Келген ғажап сәтпенен…!
Ғашық еткен өзіңе,
Баурап алар сөзіңе.
Махаббатым сен менің,
Бақ сыйлайтын өзіме…!
 Бар жылулық табылар,
Көрмей қалсам қамығар.
Махаббатым сен менің,
Алыс кетсем сағынар.
Жақсылықты арнайсың,
Тәтті үмітті жалғайсың.
Махаббатым сен менің,
Бір ерекше жандайсың!
Үн қататын жүрекпен,
Тағдырыма гүл еккен.
Махаббатым сен менің,
Пәк сезімді түлеткен.
Махаббатым сен менің,
Жүрегіме дем бердің.
Мына жарық өмірге,
Сен үшін деп, келгенмін!
22.11.2024




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу