Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  254


Автор: Жібек Ысқақова

ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕЙТОЙ!

(Серік күйеу балаға)
Бүгін шаттық мереке той думанды,
Ұнатамыз бәріміз той қылғанды.
Серік пенен Жансұлу отбасында,
Айтылады жүрекпен тойдың әні!
Нағашым бар — Жансұлу жаны нәзік,
Сыйластықты қылатын жанға азық.
Сөзге берік Серік бар — Күйеу бала,
Күйеу бала атанған тағдыр жазып.
Ағайындар ортадан табылған күн,
Ақ түйенің қарыны жарылған күн.
Мерейтойы Серіктің қырық жылдық,
Ақ тілектер айтылып, билейтін бір.
Құтты болсын мерейтой келіп жеткен,
Күндеріңіз көп болып көңілді еткен.
Бақытты бол әрдайым Нағашыммен,
Сәттеріңіз көп болып тебіренткен!
Қырық жастың сезініп бал-қаймағын,
Елу-алпыс жасты да сен тойлағын!
 Жетпіс, сексен тоқсан жас есік қақсын,
Ғасыр тойда Серікжан сен жайнағын!
Аман болсын отбасың, бала-шағаң,
Денің сау боп, болсыншы басың аман!
Жансұлудай нағашым гүл жайнасын,
Ортамызда алтындай жарқыраған!
Орындалсын тілектер, армандарың,
Биік болып өмірде талғамдарың!
Шектеусіз қып сүйдірсін, сен екеуің,
Қол ұстасып өмір жол салғандарың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу