Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
217
ӨМІР СОЛАЙ…
Өмір солай, көтерер биіктерге,
Айналдырып бақытты кейіпкерге.
Айдынында жүздірер сол бақыттың,
Еніп түрлі адамдар кейіптерге.
Бірі мақтап жаныңнан табылады,
Мадақтаумен ағындай ағылады.
Бар жұмысы біткен соң керегің жоқ,
Сені іздеп, сөйлесіп неғылады?!
Екіншісі қасыңнан табылады,
Сен қамықсаң шынайы қамығады.
Ол адамның бойында шыншылдық бар,
Биік тұрар шын достық, намыс, ары.
Сеніміңді тәлк етсе өте қиын,
Досқа адал көрінер болса жиын.
Жоқ болады мадақтап біріншісі,
Сеніміңді жоғалтып, құртып сыйын.
Шынайы дос қасыңда қалар мәңгі,
Сен қуансаң қуанып, салар әнді.
Олар үшін сыйластық ең маңызды,
Бағалайтын қашанда қолда барды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇