03.02.2025
  361


Батыргали Шапағат

Таза табиғат - жарқын болашақ

   Табиғат - адам баласына берілген үлкен сый. Біз байқай бермейтін, бірақ адамдардың жақсы өмір сүруінің бірден-бір себебі. Біздің әр дем алуымызды, тыныс жолдарымызды тазалайтын, дәрумендер қамтамасыз ететін ағаш, гүлдеріміз, тау-бөктеріміз.
   Қазіргі таңда табиғаттың ластануы түкпір-түкпір жерде орын алуда. Оған себеп адам баласының қоқыс сыңайлы заттарды кез келген жерге тастауы, табиғат тазалығын ұстанбауы. Табиғат аясында демалып, от жағып, көңіл көтерген әрине керемет, бірақ осындай саяхаттан кейін шашқаш қоқыстардың жиналмауы, оттың сөндірілмеуі табиғатқа нұқсан келтіріп отыр. Ал, табиғаттың ластануы оның жойылуына әкеліп соқтырады. Егер табиғатымыз жойылса, бізге келетін пайда азайып, зияны көбейіп, соңы жақсы нәрсемен аяқталмасы анық. 
   Адамзаттың қателігінен ну ормандарымыз өртеніп, ауаның ластануы көбеюде. Соның алдын алу үшін қазіргі жастарымызға табиғатты қорғау, аялау, таза ұстау іс-шаралары жүргізілуде. Және олардың көп бөлігі жақсы дамып, қарқынды өсіп жастардың қызығушылығын тудырып жатыр. Осы арқылы біз өз әлемімізді, табиғатымызды қорғап, оны келешек ұрпаққа қалдыра аламыз. Табиғат ол баға жетпес байлықтың бірі, сол баға жетпес байлығымызды жоғалтып алу оп-оңай, ал орнына қайтып оралуы өте қиын. Сол себепті табиғатымыздың ғұмыры - біздің қолымызда!


 


Авторы: Батыргали Шапағат Балтабайқызы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу