Эсселер ✍️

  03.02.2025
  397


Автор: Сәрсенби Аян

Өлең жазу формуласы. Қалай өлең жазамыз?

Сағым боп × сандалып × күні түн,
Келетін × өлең боп × күн бүгін.
Сарыарқа × желімен # жүрекке
Жетемін × қаққанша × кірпігін.

Сен мені жақсы көр дей алмай,
Жүрсің-ау жүрекпен сүйе алмай.
Қақпасын ашып қой жүректің
Жүрмейін жаныңа кір алмай.

Шаң басқан сезімді түртейін,
Шоқ болған жаныңды өртейін.
Тұра ғой ұйқыңнан қарындас
Сағым боп түсіңде жүрмейін.

Жел болып бетіңнен аймалап,
Сүйейін тұрса егер ай қалап.
Сағым боп жаныңда кетпейін
Жүректе бос еді қай алап.

Өлең жазу формасы бұл қиын да қызықты бір өнердің бастауы десекте болады. Өлеңнің жазылуына буын, бунақ, тармақ, шумақтар әсер етеді. Мысалы менің осы бір өлеңімді талдап көрейік.

Са/ғым боп сан/да/лып кү/ні түн, 9
Келетін өлең боп күн бүгін. 9 буын
Сарыарқа желімен жүрекке 9 буын
Жетемін қаққанша кірпігін. 9 буын

Өлеңнің формасы дұрыс жазылуы үшін барлық тармақта біркелкі буындар болуы тиіс. Мысалы осы өлеңнің шумағында 9 буыннан құрылған.

Осы 9 буыннан біз бір бунақ жасауымыз қажет, Бұл дегеніміз бір тармақ ішіндегі бунақтардың ұйқасы, біркелкі, өлеңнің оқылуында ыңғайлы болуын айтамыз. Ол үшін біз осылай бөліп аламыз.

Сағым боп × сандалып × күні түн, 3
Келетін × өлең боп × күн бүгін. 3
Сарыарқа × желімен # жүрекке 3
Жетемін × қаққанша × кірпігін.3 бунақ

Осы жолды талдай келе біз осы өлеңнің 9 буыннан және 3 бунақтан тұратынын байқаймыз. Демек бұл өлеңнің формуласы 3/3/3 болып келеді. Сөздердің тоқтап айтылуына мән беруіміз қажет, егер бұл жерде мысалы бунақтардың теріс орналасуы болса өлеңнің тыңдалуы қиынға түседі.

   Мысалы:
Шаң басқан / сезімді / түртейін, 3/3/3
Кіршіксіз бұл / аққуды /көрмейін. 4/3/3
Тұра ғой ұйқыңнан қарындас 3/3/3
Сағым боп түсіңде жүрмейін. 3/3/3

  Бұл жерде біз өлеңнің формасының бұзылғандығын байқай аламыз, Енді оқу барысында бізде дыбыс екпіннің
теріс түсуінен туындаған қате өлеңді байқаймыз. Олай болмауы үшін буын мен бунақтар саны әр өлең жолында бірдей болуы тиіс.

Шаң басқан сезімді түртейін, 3/3/3
Шоқ болған жаныңды өртейін.3/3/3
Тұра ғой ұйқыңнан қарындас3/3/3
Сағым боп түсіңде жүрмейін.3/3/3

    Осы реттілікті бұзбай біз келесі тармақты жазуымыз қажет. Тармақ дегеніміз өлеңнің бір жолы, Демек менің осы өлеңім 9 буыннан, және 3 бунақтан, 12 тармақ, 4 шумақтан құрылған. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу