Өлеңдер ✍️

  04.01.2025
  145


Автор: Қонаев қаласы

Қапшағайым сен едің

Қапшағайым сен едің,
Қонаев боп өзгерген.
Қайсар қалам өзіңсің,
Бұрынғылар көз көрген.

Қапшағайым сен едің,
Қалалардың дарасы.
Қонаев боп өзгеріп,
Артты тағы бағасы.

Қапшағайым сен едің,
Орталығы облыстың.
Қонаевсың бүгінгі,
Жалғау тапқан оңды ісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу