06.07.2023
  209


Автор: Астана күні

Болашақтың қаласы сен — Астанам!

Әр күн сайын көріктеніп, сұлуланып барша әлемді өзіне қаратып, баурап жатқан Астана расында да болашақтың қаласы. Биік ғимараттарымен көз тартар Бәйтерегі бүкіл әлемнің назарында. Астанамыз жастардың қаласы, тұрғындарының көбісі жастар болып табылады десек қате айтпаған болармыз. Еліміздің әр түкпірінен қоныс аударған жас отбасылар Астанамызға «Жастар қаласы» деген атау беріп тұрғандай. Сонымен қатар 11 сыныпты бітіріп Астанаға оқуға түсіп түрлі маман иесі атанып жатқан жастарымыз қаншама десеңізші?! Болашақтың қаласы Астанамыздың болашағы зор болады деп сеніммен айта аламыз. Ауылда өскен жастардың Астанаға қоныс аударып, жұмыс жасап Астаналық атанып Астананың әдемі ауасымен тыныстап жүрген жандарда арман жоқ шығар.
Астанамыз жайлы айта берсек сөз бітпейтін шығар. Оның сұлулығын сөзбен суреттей алмаспыз. Жиырма жылдың көлемінде сұлулығымен бүкіл әлемнің назарын өзіне аудартқан Астана десек бас қаламыздың қандай екенін сөзбен айтқызбай-ақ түсінген боларсыздар!
Болашағымыздың жарқын бейнесіндей көрінетін жас қаламыздың әрбір жаз айында келетін туған күні — Астана күні құтты болсын! Астанамыздың болашағы жарқын болып, әр дыл сайын атаулы күнін, яғни «Астана күні» мерекесін тойлай берсін!
Бас қаламызда халықтар арасындағы сыйластықтар артып, ынтымақ бірліктері жандана берсін! Астанаға қарап біздер бой түзейміз, ой түзейміз! Астана тек қана алға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу