Өлеңдер ✍️

  08.03.2023
  221


Автор: Айдар Сайлауов

САРЫ ҚЫЗ


Серімін сәйгүлігін ұстап мінген,
Қадамын түзей басқан нық саппын мен.
Ал сені сары күндей шағылысқан,
Голландия гүліне ұқсаттым мен.

Сезім де ашылмайтын шілтер едің,
Сары қыз, өзің жайлы жыр теремін.
Бұл дүниенің алтынын көрсет десе,
Қолымды саған қарай сілтер едім.

Бөбектей балғын болған бақ асылым,
Сөздерің бөлек бір дәм дара шырын.
Әппақ бір ақ мақтаға түскендей ғой,
Мұнайдың тамшысындай қарашығың.

Сүйсінуім сын емес сары қызға,
Дақ түсіп қалмас одан арымызға.
Аңсаған ақ арманым қылмақ түгіл,
Қуанып жүрген жанмын барыңызға.

Алтын болып, күн болып енеді екен,
Сары қыз жанға шуақ береді екен.
Дүниедегі ең, ең қымбаттылар,
Сары түсте болып келеді екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу