Өлеңдер ✍️

  10.02.2023
  102


Автор: Тілек Ырысбек

Je ne sais pas!

Сен маған ештеңе айтпа, үндеме дұрысы,
Жай ғана көзіңді жұмда, теңізді көр.
Сен ешкім де емессің, мен де ешкім де емеспін,
Біз жәй ғана ойлармыз, ойлармыз жәй ғана,
ұмытып қалатын секілді есімін біреудің.

Терезе. Орындық сөйлейтін секілді.
Жапырақ күлетін секілді ақынға!
Уорхол мен Баския суреті секілді,
Кола ішкім келеді менің,
сосын, ешкімге білдіртпей,
Жылағым келеді менің,
Жәй ғана,
Бірақ біз қалай?
Ұмытып қалдық екенбіз ұмытыуды..
‌Je ne sais pas!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу