Қазақ тілі | Етістік шақ тұлғаларының қалыптасуытуралы

Сөз таптарының басқа түрлеріне қарағанда етістік жайлы М.Қашқаридың «Диванында» толық айтылады. Осы етістіктің қай категориясы болмасын «Диван» тілінде тек қана көрініс тауып қана қоймай, арнайы түсіндірілген. Сөз болып отырған «Диван» тіліндегі етістік категорияларының ішінде шақ тұлғалары «Диван» тілінде біршама көп вариантты болып табылады. Шақ тұлғаларының мән-мағынасы мен қолданылуы әркелкі болады.
Кәзіргі түркі тілдерінің бәрі қазақ тілінде қолданылатын шақ тұлғаларының грамматикалық мән тұрғысынан да, морфологиялық жағынан да, фонетикалық сипаты жағынан да белгілі дәрежеде «Диван» тіліндегі сондағы тұлғалармен байланысты. Сонымен бірге Махмуд Қашқаридың жеке тұлғалардың қолданылу ерекшелігі мен мән мағыналарын түсіндіруі сол тұлғалардың кәзіргі қазақ тіліндегі ұзақ уақыт бойы ұшыраған өзгерістердің белгілі дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді.
«Диван» тілінде ашық райдың өткен шағы етістікке –ды/ -ді,-ты/- ті,-дук/-дүк,-мыш/-міш қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады,-ды қосымшасы қазіргі қазақ тіліндегідей жедел өткен шақтық мән береді. Бұл тұлғаны М.Қашқаридың өзі былай түсіндіреді: «өткен шақ тұлғасы барлық етістіктерден –ды қосымшасы қосылу арқылы жасалады және бұл қағида ешқашан өзгермейді». Мысалы: Ол аны уруб қамтурды- -Ол оны ұрып құлатты. Сөйлемді жақсарту үшін соңғы дыбысы қатаң әріптерге аяқталған негіздерден жасалған өткен шақ етістігінің қосымшасы –ды-ты-ты-ға ауыстырып қолданған дұрыс –дейді М.Қашқари. Алайда М.Қашқаридың «Диванында» қатаң дыбысқа аяқталған түбірге де –ды түрінде жалғану кездеседі. Мысалы: Ерет бічді- ер кісі ет кесті. Құл тәңріге тапды- құл тәңріге табынды.
Бұл мәліметтерге қарағанда ιιι ғасыр тілдерінің кейбір ерекшеліктерінің әлі жайылмағандығын және дауыссыздар үндестігінің әлі толық қалыптаспағандығын байқауға болады. Дегенмен, Қашқари т қатаң дауыссызына аяқталып, -ды қосымшасының басқы дыбысы соның әсерінен т- ға айналуына арнап мысал келтіреді. Тюркологияда жедел өткен шақ тұлғасы ең әуелі д дыбысынан емес, қатаң т дыбысынан басталғандығы жайлы айтылған. Бұл әсіресе Орхон-Енисей жазбаларында –ты вариантының көп қолданылуына негізделген. , жақ жедел өткен шақ құрамындағы –ы дыбысының протезалық қызметімен қоса «Диванда» оның әртүрлі дауыстыларға ауысып айтылуы кездеседі. Бұл жайында Қашқари түсініктемесінде: «Түріктер –д әрпін кәсра қылып бардым» дейді. Бұл қағидаға дұрыс келеді. Ал оғыздар мен кейбір басқа тайпалар –ды-ны фатха қылып «бардам» дейді арғулар мұны дамма қылып «бардум,келдүм» деп айтады. Бұл қағидадан алшақ.Бірақ тайпалар арасындағы айырмашылық осындай,»-дейді.Қашқаридің бұл пікірі зерттеулерде фактілік дәлел тапты. Алтайст Рамстедт алтай тіліндегі бір кезде 111 жақты білдірген жіктеу есімдігі ретінде қарайды. Осы есімдіктің ісі қазіргі Шанчжур тілінде де сақталған.-ды аффиксі езулік дауыстыларды бар буыннан кейін жалғанады. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Етістік

Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етісгікгер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шьшаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық Қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістікгер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақтыетістіктермен меңгеріле байланысады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, 2) Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа белінеді. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бүдан әрі де бірнешеге таралып кетеді.
Етістік іс-әрекетті , қимыл –қозғалысты жай-күйді білдіріп, не істеді? Қайтті? Не істейді? Қайтеді? Не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер табын айтамыз.
Мысалы: оқы, жаз, сыз, бар, кел, жүр отыр, тұр, күл, қинал, қажы, шарша, ойла, сөйле т.б.
Етістіктер құрамына жасалу жолына қарай екіге бөлінеді.
1.Негізгі етістік.
2.Туынды етістік. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Естің жалпы сипаты

Ес дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңартылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қаблеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан ізі қалып отырғандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғалымда ә[і нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстармен байланыстыра (есті зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми сассасының алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту ұмыту.
Есте қалдыру дегеніміз – жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет: 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; ....
Рефераттар
Толық

Психология | Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері

Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.
Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.
Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде:
С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым.
Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Есте сақтау құрылғыларының классификациясы Динамикалық жад контроллері

Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары
ДК-да жадының 4 деңгейі бар:
• Микропроцессорлық жады (МПП)
• Регистрлік кэш жады
• Негізгі жад (ОП)
• Ішкі жад (ВЗУ)
Кестеде келтірілген жад типтерінің екі негізгі сипаттамасы (жылдамдығы және сиымдылығы) көрсетілген:
Жад типтері Сиымдылығы Тезәрекеттестігі
МПП Ондаған байт =0,001-0,002мкс

ОП,сонымен қатар
ОЗУ
Он-жүз шақты мегабайт
=0,004-0,006мкс

ПЗУ Жүздеген килобайт =0,035-0,1мкс

ВЗУ,сонымен қатар
НМД
Он-жүз шақты гигабайт
=5-30мс
=500-3000 Кбайт/с

НГМД Бірлік мегабайт =65-100мс
=40-150 Кбайт/с

CD және DVD Жүз-мың шақты мегабайт =50-300мс
=150-5000 Кбайт/с


Есте сақтау құрылғысының салыстырмалы сипаттамасы

Есте сақтау құрылғысының алғашқы екі типі айналу уақытымен ( ),ал ішкі есте сақтау құрылғысының тезәрекеттігі-екі параметрмен:қол жеткізу уақыты ( ) және есептеу жылдамдығы ( ):
• - іздеу уақытының ,ақпаратты жазу және есептеу суммасы
• -тасымалдағыштағы ақпаратты іздеу уақыты
• -ақпарат байтының кезекті есептеуінің жылдамдығы
Жалпы қолданбалы қысқартылуларды айта кетелік: с-секунд, мс-милисекунд, мкс-микросекунд, нс-наносекунд, 1с= мс= мкс= нс ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Есірткілердің түрлері және адам ағзасына түрлі әсері

Есірткінің түрі көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы апиын сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ қауашақ. бұдан опиын, морфий, кодеин, тһебиын, гидроморфиин, героин (соңғы екеуі жартылай қоспалы) секілді есірткі түрлері жасалады.
Есірткінің бір түрі – көкнәрі. Ілгеріде-ақ оны Оңтүстік өнірде пайдаланған жандар болған. Олардың дені қарттар еді. Ауырып, сырқағанды, ауырғанды басады деп, суға қайнатып ішетін. Сосын оның әсеріне елітіп, қалғып-мүлгіп отыратын болған. Әзәзілге тәуелді сол жандар кейде көкнәрілері таусылып қалған кезде, туыс-бауырларын жұмысап жіберетін. Олар шыр айналып, таппай келіп жоқ деп айтса, оны аңсап тұрған қарттың хал-жағдайы бірден мүшкіл тартатын. Жоққа шыдай алмай жан-тәсілім еткендері қаншама. Ал кәмелетке толмаған жастар жағы оны пайдаланған жоқ.
Ал қазір ше. Есірткінің неше алуан түрі бар. Және оны пайдаланушылар өрімдей жастар. Тіптен солардың арасынан 8-10 жас аралығындағы жасөспірімдердің көптеп кездесетіндері мәлім. Әуелде ескі әдетпен мұны жасырып келген. Кейіннен ұрпақты аздырып, тоздыратын әлеуметтік кесел етек алып, індетке айналып асқынып кетті. Оларды қылмыскер ретінде қарап заң жүзінде жазалаған. Шамалғандағы болалар колониясына отырғызатын. Бірақ бұл түйықтан шығатын жол емес болып шықты. Содан кейін өркениетті елдердің тәжірибиесін пайдаланған жөн екені белгілі болды. Есірткіні пайдаланушыларға қылмыскер ретінде емес, ауру ретінде қарап , мемлекет тарапынан тегін емдеу қолға алынды.
Меперидин мен методон деген түрлері лабораторияларда қоспалардың қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу барысында емдік таблеткалар құрамында да оның өзіндік үлесі бар. Бұған бір мысал ретінте мрфийдің қатты шаншып ауыратын қылтамақ (рак) ауыруында дәрігердің бақылауымен сол кеселді тоқтатушы ретінде қолданылатынын атап көрсенен жөн.
Героин – морфийдің екінші қайтара өндеу жолымен жасалады. Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі өндіруге жатпайды. Заңнаң тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90 пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі-ақ аса қысқа мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі-ақ оған тәуелді болып қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы осындай.
Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа татуы үшін әр жолы есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның аяғы қайғылы жағдайға апарып соқтырады. Есірткі мөлшері шамадан тыс қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде ауланың бір түпкірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да ғажап емес. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Есірткі және құқық бұзушылық

Қазақстанды есірткі жайлап барады. Жыл басынан бері елімізде есірткіге байланысты 6 мың қыл¬мыс тіркеліп, алты айдың ішінде алты тонна есірткі тәркіленді. Құқық қорғау органдары тарапы¬нан бұл жаман көрсеткіш емес, мақтауға тұрарлық. Бірақ осы тонналаған у «Қазақстанды неге айналып өтпейді?» деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды.
Есірткі айналымымен бүкіл дүниежүзі күресуде. Күресті қаншама күшейткенмен, жастар арасындағы есірткіге құмарлық жылдан-жылға өсіп, етек жайып барады. БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының (UNODCCR) мәліметі бойынша, бүгінгі күні әлемнің әр түпкіріндегі 15 пен 64 жас аралығындағы 200 миллион адам есірткіге тәуелді болып, наркотиксіз өмір сүре алмайтын халге жеткен. Бұл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың 5 пайызын құрайды. Тәуелсіз сарапшылар¬дың сөзіне сенетін болсақ, Қа¬зақстанда бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамды құрайды, яғни республика тұрғындарының 10 пайызы есірткіге бой алдырғандар.
Қазақстандағы заңсыз айна¬лым¬да жүрген есірткілер – апиын, героин, кокаин, синтетикалық наркотиктер жоғары концентра¬ция¬ланған, адам өміріне өте қа¬уіпті, есірткінің «ауыр» түрлеріне жатады. Соңғы бес-алты жылда қазақстандық наркомандар есірт¬кінің ауыр түріне көше бастады. Бұрын каннабис, сатива (ел ау¬зында анаша деп аталады) сияқты есірткінің жеңіл түрін қолданса, енді көбінесе ақыл-есті «өшіріп», басқа дүниеге жетелейтін ханканы қолдануға әуес болыпты. Алматы наркологтарының байқауынша, біздегі наркорыноктағы есірткі айналымының 80 пайызын героин құрайды. Бұл жартылай синтети¬калық наркотик таза апиынға қарағанда, адамды өзіне тез тартып алып, «тұңғиыққа» батырып жібе¬реді. Героинге тәуелді болған адам¬ды емдеп, қалпына келтіру іс жү¬зінде мүмкін емес.
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың наша¬қор арнайы тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қыл¬мысқа қарсы күрес басқарма¬сының мәліметі бойынша, сол жылдары 250 мың есірткіге тәуелді адам арамызда өмір сүріп жатқан. Қазір бұл көрсеткішті Бас проку¬ратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу коми¬теті 54 мыңға жеткізіп отыр. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен. Нарко¬логтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты са¬нын шығару үшін, ресми көрсет¬кіш¬терді кемінде 5-6 есеге көбейт¬кен жөн, сонда еліміздегі наша¬қор¬лардың нақты санына жақын¬дауға болады. Біздің елде наша¬қорлықтан жасырын (аноним) ем-делуге болады, сондай-ақ жеке¬мен¬шік емханалар жеткілікті, олар наркомандарды тіркеуге алуға міндетті емес. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Есімшелердің есімдерше жұмсалу қызметі

«Жұмсалу мүмкіндігі» тіркесін жиі қолдануымыздың мәні мынада: бұл термин функционалды грамматика аясында жиі қолданылады. Онда тілдік құралдың жұмсалу ауқымы, жұмсалу мүмкіндігі, жұмсалудың нәтижесі болатындығы айтылады. Осы ерекшеліктер тұрғысынан функция (семантикалық) ұғымын екі түрлі қатынаста алып қарастыруға болады. Бұл қатынасты нақтылап аспект, бағыт түрінде түсіндіреміз. Олар: потенциалдық және нәтижелік. Жалпы функция дегеніміз – қандай да бір тіл бірлігінің сөйлеудегі атқаратын қызметі, тиесілі жүгі, мақсаттық қолданысы.
«Потенциалдық аспектіден функция (Фп) дегеніміз – тіл жүйесіндегі тіл бірлігінің белгілі бір семантикалық қызметті орындау қабілеті және соған сәйкес жұмсалымдық қоры.
Нәтижелік аспектіден функция (Фн) дегеніміз – тіл бірлігінің тілдік ортамен өзара арақатынастағы жұмсалымдық нәтижесі, яғни айтылуға тиісті ойдың (мақсаттың) сөйлеуде жүзеге асуы» , - дейді осы мәселеге қалам тартып жүрген ғалым А.Жаңабекова.
Осыған байланысты есімшелердің есімдер сияқты жұмсалуының сыры есімше тұлғаларының функциялық жұрнақ болуымен қатар сөзжасамдық жұрнақ болып та қызмет атқаратын қасиетінен емес пе екен деген ой туындайды. Бұған бірнеше дәлелдер келтіруге болады. Біріншіден, тілімізде етістік негізді туынды сын есімдер бар. Олардың барлығы сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, көргіш, бақырауық, озық, оқтаушы, шашыраңқы, түрме, ұнамды, мақтаншақ, жылауық, жасамыс, білгір және т.б.
Бұл жұрнақтар жөнінде арнайы диссертация да қорғалды Осындағы келтірілген етістіктен туынды сын есім туғызатын жұрнақтардың кейбіреуімен есімше тұлғалары кейде синонимдес келіп отырады. Мысалы, -ғақ, -гек, -қақ, кек жұрнақтарымен есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен қосымшалары мағыналас келеді. Салыстырыңыз: қашқақ-қашаған, жүргек-жүреген, бергек-береген сондай-ақ кейде -қар, -кер жұрнақтарымен де мәндес келеді: өткір-өтеген, тыпқыр-табаған, алғыр-алаған және т.б.
Б.Қ.Омар -аған -еген жұрнағын етістіктен сын есім тудыратын өнімсіз қосымшаға жатқызады Бұл жұрнақ қимылдың қайталануын білдіреді. Құрамындағы -а қимылдың көп және тез қайталануын білдірсе, -ған, -ген есімшесінің жұрнағы болып есептеледі. Онымен синонимдес келетін -ған, ген, -қан, -кен қосымшалары Н.А.Баскаков, А.Гулямов, В.В.Решетов, Н.А.Кононов, В.Н.Насилов еңбектерінде талданып, оның да мағынасы қимылдың қайталануымен байланысты көрсетілген. Б.Омардың айтуынша -аған, -еген қосымшасының мағынасы қимылдың қайталануымен қимылдың орындалуының тездігін білдіретін мағына оғыз, қарлұқ, қыпшақ тобындағы тілдерде кездесетіні және -қын, -кін қосымшасымен мағыналарының жақындығын, арғы тегі өткен шақты білдіретін -он, -ен формалары екенін айтқан ғалымдар бар екен . ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Есімдіктер туралы

Есімдер тобына жататын сөз тобының бірі – есімдіктер,
Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын біолдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу, аңғарына қарай аңғарылады. Мысалы, ол Прутковтың барлық афоризмін білетін. Сен қымсынба, артың ба біз бармыз. дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағыналары нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі Ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтың барлық афоризмін білетінің ғана аңғарғанымыз болмасы, ол адам кім? - Бейсенбай ма, әлде Мұрат па? жоқ тіпті біз білмейтін, басқа бір адам ба?
Әйтеуір оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. екінші сөйлемдегі саен, біз дегендердің де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. ондай болатын себебі: ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді, демек көзбе – көз я бетпе – бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі (адам ба?, зат ба – бәрі бір) ол – болады.
Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады.
есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді, оның бір тобына өте ерте заманнан келе жатқан байырғы «көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші тобына тілі замандарда пайда болған, демек соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.
алғашқы топқа жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сөздер сипатында болады. Бұған: мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, осы, сол т.б. сияқты, қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір тұлғалы сөздер жатады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Есім хан

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.

Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.

Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.

Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.

Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.

Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Есептің қойылымы

Delphi ортасы- бағдарламалаушының жэоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм . Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Оның ішінде бүгінгі маған берілген тақырып: Деканат, яғни деканаттың атқаратын жұмысы жайында толық мәлімет беру.
Деканатты мен шағын бір студенттерді басқаратын мекеме ретінде алып қарастырдым. Әр Университет мамандықтарына байланысты бірнеше факультеттерге бөлінеді. Осы факультеттердің өзіндік басқаратын деканаттары болады. Әр деканатта өзіндік жұмыс атқаратын кафедралары және ондағы жұмыс істейтін әртүрлі деңгейдегі мұғалімдері сонымен бірге ең бастысы ондағы білім алатын студенттері бар. Осы Университет ішіндегі шағын бір мекемені басқару өте күрделі мәселе. Сондықтан қазіргі кезде осындай мекемелерді басқарудың бірнеше үлгілері бар. Соның бірі де бірегейі дамыған компьютерлік технология көмегімен автоматтандырылған түрде басқару, яғни деканат жұмысын автоматтандыру.
Автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ) шешімді дәлелдеу және жобалау процестерін автоматизацияландыру деңгейіне қарай Жоғарғы Оқу Орнында ақпараттық кеңес беретін және ақпараттарды анықтамалық түрдке басқару болып табылады. Ақпараттық кеңес беретін АБЖ таңдалған үлгі мен әдіске сәйкес шешімді өңдеп, және осы мәселеге шешім шығаратын тұлғалармен бекітіледі. Басқару автоматизациясының ең төменгі деңгейі ақпарттық-анықтамалық жүйенің құрам бөліктерімен іске асады. Жоғары оқу орнындағы АБЖ негізінен ақпараттық-анықтамалық класына жатады. Ол басқарылу шешімдерін құрастыру және негіздеу секілді проблемалық жағдайларды анализлдеуге жетекшілер пайдаланатын есеп беру құжаттарын алу автоматизациясы үшін қажет. Оның құрамына тәрбие істері, ғылыми зерттеу, мамандар даярлау, әкімшілік-шаруашылық, қаржы комплекстері секілді бірнеше топтар кіреді. Жоғары оқу орнында басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде деканатты келтіруге болады. Қазіргі кезде деканаттағы АБЖ-да оқу-тәрбие істерін басқарумен байланысты алғашқы жүйе көрсеткіштерінің типтік құрамы анықталған, ақпараттық базалар құрылған, ал бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде мәліметтер базачсын басқару жүйесі пайдаланылады. Осы ақпараттық базаларды пайдалана отырып, қолджанбалы бағдарламалардың әр түрлі түрлерін құрастыра алады. Осы айтылғанның бәрі деканаттағы шешім шығару және есеп беру тапсырмаларын автоматизациялаудың алғышарты болып табылады. Деканаттағы оқу және ғылыми басқару жүйелірін іске асыру үшін оқу жоспарлары құрастырылады. Кафедра мен оқытушылар арасындағы тапсырмаларды бөлісу, аудиторлық қорды бөлу, абитуриенттерді топтарға бөлу, оқу процестерінің статистикалық анализдеудің міндеттері, ғылыми-іздену жұмыстарының тапсырыс портфельдерін құрастыру, т.б. жұмыстар атқарылады. Деканаттың әртүрлі тарауларын бақылап тексеру үшін және оқыту және ғылыми процестерін басқару әдістерін бағалау, тексеру үшін деканатты басқарудың имитациялық модельдері құрастырылады. Әдетте әлі күнге дейін мұндай тапсырмаларға жауап бере алатын методология жоқ болуда. Басқару шешімдерін құрастыру және шығару-әртүрлі этаптардан тұрады: проблемалық жағдай анализі, басқару жүйесін іске асырудың мақсаттарын таңдау, өте саналы альтернативтерді және критерийлерді анықтау, сапалы шешімдерді таңдау, альтернативаны анализдеу және баға беру, шешімнің орындалуын бақылау және есепке алу. Бұл этаптардың реті олардың іске асырылуының автоматтандырылған немесе автоматтандырылмағандығына тәуелді емес. Басқару автоматизациясы басқарудың технологиялық схемасын жүзеге асыратын әдістерге қойылатын қосымша талаптарды ұсынады. Жүйеге жаңа элементтер енгізеді. Және сонымен бірге, басқару аппаратының мүмкіндіктерін көбейтеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Есептік талдамалы ғылымдарды саралау

Қалыптасушы нарықтық тетік бизнестің жағдайы туралы мәліметтерді алу мен өңдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін тудырады. Экономикалық ғылым мен оның мазмұны осы заман жіктеліміне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ақпараттық, есептік-талдамалы және бақылаушылық басқару міндетті істері (функциялары) бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит үшеуінің аралас ғылыми пәндер түріндегі бірыңғай блокта беріледі. Бұл-тарихи, әдістемелік және ақпараттық аспектілерді өзін-өзі ақтаған ұғым. Нарықтық қайта өзгерулер тереңдеген сайын корпорация, компания және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінде бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың рөлі мен маңызы арта түсуде.
Бүгінгі танда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр.
Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті-сәйкестіке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және тағы басқаны бөлу болып табылады. Бұл бухгалтерлік есептің, Қаржылық-экономикалық талдаудың аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындады.
Кез келген бизнесті ойдағыдай сәтті ұйымдастыру қалыптасқан жағдайды жүйелі талдаусыз және бақылаусыз мағынасы болмайтын шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты.
Бизнесті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстарының қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Құбылыстың мәні мен өзара байланысын түсіну, бизнестің жағдайы мен келешекте дамуын зерделеу аудит пен қаржылық-экономикалық талдаудың арнайы әдістерін кешенді пайдаланудың негізінде ғана мүмкін болады. Деректерді уақытылы бақылау саралап баға беруге мүмкіндік береді және әр түрлі қатысушылардың,атап айтқанда, инвесторлардың,қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы бизнестің тиімділігін артырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Кешенді аудит пен талдаудың қажетті әдісін таңдау бизнесті басқаруда оңтайлы шешімдерді қабылдауды негіздеу және қамтамасыз ету бойынша алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды жүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Есептеу желілері

Есептеу желілеріндегі программалық және аппараттық байланыстар әлсіз, ал байланыстар одан да әлсіз.
Комьпютерлер арасындағы байланыстар байланыс арналары бойымен қосылған арнайы сыртқы құрылымдар – желілікадаптерлер арқылы орнатылады. Әрбір компьютер өзінің жеке операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Желінің компьютерлері арасындағы жұмысты бөлетін қандай да бір «ортақ» операциялық жүйе мұнда жоқ. Желінің компьютерлері желілік адаптерлер және байланыс арналары арқылы бір-бірімен хабарламалар алмасу арқылы өзара байланысады. Осы хабарламалардың көмегімен көбінесе бір компьютер екіншісінің жергілікті ресурстарын пайдалануға рұқсат сұрайды. Ондай ресурстар ретінде дискіде сақталған деректер, принтерлер, модемдер, факс аппараттар сияқты әр түрлі сыртқы құрылымдар болуы мүмкін. Желідегі әрбір компьютердің жергілікті ресурстарын қолданушылар арасында бөліп, ортақ пайдалану – есептеу желілерін құрудағы негізгі мақсат.
Тұжырымдар
Есептеу желілері – компьютерлік технологиялардың даму эволюциясының нәтижесі.
Есептеу желілері дегеніміз – байланыс жолдарымен қосылған компьютерлер тобы. Байланыс жолдары кабельдер, желілік адаптерлер және басқа коммуникациялық жабдықтар арқылы қолданылады. Барлық желілік жабдықтар жүйелік және қолданбалы программалық жабдықпен басқарылады.
Желінің негізгі мақсаты – желідегі қолданушылар үшін ондағы барлық компьютерлердің ресурстарын ортақ пайдалануға мүмкіндік жасау.
Есептеу желілері – бөлшектенген жүйелердің бір түрі, олардың артықшылығы есептеулерді параллель орындауды қамтамасыз ету, ал оның өзі жүйенің өнімділігін және орнықтылығын арттырады.
Желілердің дамуының маңызды кезеңі - әр түрлі текті компьютерді тез және тиімді қосуға мүмкіндік беретін Интернет сияқты стандартты технологиялардың пайда болуы.
Есептеу желілері пайдалану өнеркәсібі үшін келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге жағдай жасайды:
құны жоғары ресурстарды бөліп қолдану;
коммуникацияларды жетілдіру; ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
• Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
• Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
• Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
• Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- 3 -
• Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
• Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
• Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.....
Рефераттар
Толық

Психология | Ес

Жеке тәжірибені игеруді үйрену деп атайды. үйренудің түрлерінің бірі шартты рефлекстердің қалыптасуы. үйренудің толып жатқан түрлері бар. үйрену естің арқасында жүзеге асады.
Ес дегеніміз – бұл орталық нерв жүйесінде өтіп жататын және жеке тәжірибені жинақтап, сақтау және оны қайта еске түсіруді қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы. И.М.Сеченов (1-сурет) егер адам ес болмаса мәңгі бақи туған қалпында қалар еді деп жазды. Ес болмаса, адамдар «күнелткен мақұлық» болар еді, өйткені бүкіл түйсік аутаулылар, сыртқы дүние бейнесі атаулының барлығы пайда болған сайын із-түссіз жоғалып кетіп отырар еді.
Есінен айрылған адамның қандай халде болатынын ми қызметі қатты бұзылған науқас адамнан байқауға болады. Мұндай науқас өзінің кім екенін, қайда екенін ұмытады, сол күні өзінің не істегенін білмейді, кітаптың бір бетін қайта-қайта оқыса да мазмұнын жадында сақтай алмайды. Ол еңбек ете алмайды, тіпті қарапайым дағдыны да игере алмайды. Жеке тәжірибесі жинақталмағанда адам тіршілігінің кәдімгі өрісі бұзылып, мүгедек болып қалады. ....
Рефераттар
Толық

География | Ертіс өзені

Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілі елдердің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау−кен өндіру металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Солардың әсерінен көптеген өзендер ластануда, әсіресе Ертіс өзені. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негігі көзі болып табылатан жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақста Республикасы Үкіметінің 2002 жылдағы 21 қаңтардағы №71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдары айқындалған экономикалық су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.
Су ресурстарының жағдайын жақсарту үшін экологиялық сараптама кәсіпорындар үшін шамалық талаптарды күшейту, ағын суларды тазартатын жаңа технологиялар енгізу арқылы зиянды заттарды
Төгуді көздеген шаралар қабылданды. Шекаралас Ертіс өзені бойында зиянды заттарды төгу көлемін ‘ бассейндік принципті’ біртіндеп енгізу арқылы тиімді жаңарту жұмыстары қолға алынды. Су ағындарына төгуді шамалаудың ‘бассейндік принципі’ тиімді экологиялық құрал ретінде қолданылып, табиғатты пайдалануда ластаушы кәсіпорындарды ынталандыруға әкеліп соқтырады. ‘Сөйтіп, біртіндеп Ертіс өзенінің маңы жаңғырып ауаның өмір сүруіне қолайлы аймаққа айналады’- дейді мемлект стратегиясында қаралған бағдарламаларда. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ертегілер

Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары.
Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді.
Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып ертегілер.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3. Салт (шыншыл) ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда күресіп, жақсылық жеңеді.
Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддессін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Ерік жөнінде түсінік

Қандай да іс-әрекетің қажетгігін білумен, адам соған орай керекті шешім қабылдайды, бірақ оны орыынау үшін кейде ешбір қимыл жасай алмайды Мұны орынды түрткілердің кемдігімен ғана түсіндіріп болмайды. Кейде адам тіпті өз өмірі үшін қажетті болған жұмыстарды да аяқсыз қалдырады. Теңдей билік пен білімге, ортақ көзқарас пен сенімге ие бола тұра, адамдар өз алдарында тұрған міндеттерді бірі сылбыр, бірі шапшаң, әртүрлі қарқынмен орындайды, неиесе кей адам іске байланысты қандай да қиыншылық кездесе қалса, жұмысыз қоя салады, ал екіншісі мұндай кезде қуатына қуат қосып, өршелене әрекетке кіріседі. Адамдағы бұл құбылыстардың бәрін психология ерік көрішсімен байланыстырады..
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адаиның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінін негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл -қозғалыстар негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз қарашығынан тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкіру т.б. құсаған рефлексті әрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыкқан тарапқа бас бұру т. б. сияқты қозғалыстар де осы топтан. Біздің сезімдік, көңіл-күй таныту әрекеттеріміз.
Сонымен бірге, әрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульст қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына кіреді, мысалы, сырттағы шуға мойын бұру, қандай да затқа бір көргеннен әуестену т.б. Еріктік қылықтың ерекшелігі оның "мен қалаймын" емес, "мен міндеттімін" толғанысының жетегінде болуы. Дегенмен, кейде адам өзінің еріктік: бағдары мен тума қылықтарын біріктіре алады, мысалы, "Мен өз борышымды орындауды қалаймын" — "борыш" – еріктік, "қалаймын" - импульстік. Осыдан, біздің барша өміріміз ұдайы еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасынан тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниетгелген мақсатқа жетуге бағдарланады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Ерік туралы жалпы түсінік

“Ерік – орыс тіліндегі “воля” сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде “ерік-жігер”,”қажыр-қайрат” ұғымдарымен астарлас сөз “Қайрат” сөзін Абай жиі қолданғанған, Ж.Аймауытов еңбектерінде “ерікті”,”қайрат” деп атаған.
Ерік кең мағынада да, тар мағынада да жүретін сөз. Соқыр сезімге байлаулы серпілу болсын, қайта-қайта істелгендіктен әдетке айналып санасыз етілетін, амал болсын.
Ерік – адамның өз мінез –құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен бағыттайтын нәрсе – мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймай, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа,іс-әрекетке түсіп отырады.Адамда қимыл-қозғалыс есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін-еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар :мәселен , көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін еріктік қозғалыстар деп атайды. Мәселен: жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу, қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез-келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әр қилы кедергілермен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік 91 деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз –адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. “Қайрат дегеніміз-өмір жолында кездесетін екіталай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу ”. (Ж.Аймауытов)
Адамның мақсатты қалауы , әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл-адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекетіне, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да , мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайдың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ержанов Манарбек

Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.

Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді.

Манарбектің қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топжарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан. Манарбектің атымен оның күмістей таза ашық та жарқын «жарқылдаған» жауҺар дауысы, орындаушылық шеберлігі, әншілігі күні бүгінге дейін халқының қайнар бұлақ қасиетті қазынасына айналып отырғанына біздер куәгерміз.

Табиғаттың шынайы тұнбасындай әндер мен күйлердің иесі опера театрының маңдай алды ән саңлағының туғанына жүз жылдық торқалы тойы 2002 жылы аталып өтті. Манарбек Ержанов Қарағанды облысы Қарабұлақ деген жерде Қарқаралы маңында дүниеге келді. Атақты Қарқаралы … қазақ мәдениетінің ән мен күйінің пайғамбарлары «үйірімен үш тоғызы» Әміре мен Жүсіпбек, Естай мен Қали, Қосымжанды берген құнарлы топырақта Манарбектің тууы тегіннен тегін еместі.

Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болатын. Әкесі қол өнерінің асқан шебері темірден түйме түйетін ісмер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған.

Манарбекті өнерге баулыған ұстазы атақты дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші еді. Болашақ арқа ән дәстүрінің майталман шебері Манарбек үшін ұлттық өнеріміздің аңызы болған Әміре Қашаубаевтың өнері биік бедел үлгі-өнеге болды. Әнші жастайынан-ақ Сары арқаның әншілік мектебінің қыры мен сырын бар құпыясын жетік меңгеріп Біржан салдың, Ақан серінің, Жарылғапбердінің, Естай мен Жаяу Мұсаның, Шашубайдың әндерін тамылжыта шырқады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ЕР ЖӘНІБЕК

Шоқан Уалиханов: “Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген ұлы сөзін тегін айпаса керек. Оның сыртында Абылай дәуірі жоңғарлар мен қазақтардың сұрапыл шайқастарына толы болды. Не бір батырлар шықты. Соның бірі – біз сөз өткелі отырған Ер Жәнібек батыр.
Осы Керей Жәнібек батырды ел аузында “Ақыр Жәнібек” деп те атайды. Себебі қазақтың тарихында көптеген Жәнібектер өткен. Соларды шатастырмау үшін, әрі Жәнібектердің ерлік дәуірінің ақыры ретінде есте тұтқан болуы мүмкін.
Осы Жәнібектерге келер болсақ, алғашқысы 1456 жылы хан болған Әз-Жәнібек. Екіншісі Шақшақ Жәнібек (Тархан Жәнібек деп те атайды). Оның сыртында Божбан Жәнібек дегендер болған. Божбан руынан шыққан Жәнібекті кезінде қазақтың тұтастығын бұзғаны үшін Абылай ат құйрығына байлап өлтірген. Ер Жәнібек турасында айтатын болсақ, бұл – үшінші Жәнібек. Оның шыққан тегі туралы, мынадай қысқаша шежірелік икем айтуға болады. Керейден – Құттыберді туған. Құттыбердінің шешесі – Абақ бәйбіше. Осы Құттыбердіден – Ителі, Қарақас, Молқы, Жастабан, Сарбас тарайды. Ителіден – Байлау мен Қойлау; Байлаудан – Жәдік, Жәнтекей, Шеруші туған; Жәнтекейден – Сүйіншал, Сүйіндік, Сүйінбай. Ал осы Сүйінбайдан – Жайлау, Сары, Самырат, Сәменбет, Төлеке тарайды да, осы Сары руынан – Бердәулетұлы Ер Жәнібек туған. Жәкеңнің туған жылы туралы әзірге тоқтамды мәміле жоқ. Әркім әртүрлі болжамдар айтады.
Шыңжандық Қостай Исабаев 1690 жылы туған дейді. Бұл тарихи негіздерге дәл келмейді. Осы мақала авторының пайымдауынша Жәкең 1710 жылы туған болып келеді. Олай дейтініміз: Шақшақ Жәнібек батыр бір ұзақ сапардан келе жатып Керей ауылдарына түстенсе керек. Сол күні Бердәулеттің бәйбішесі бір ұл тауып, атын қойып беріңіз деп нәрестені Шақшақ Жәнібектің алдына әкеліпті. Шақшақ Жәнібек батыр толғанып отырып былай депті; “Ей, Бердәулет, мына нәрестеге көңілім толып, көкірегім желпініп отыр, өз атымды қояйын, дұшпанға боқтатпас, жаманға даттатпас” деп нәрестенің құлағына сенің атың Жәнібек деп үш айтып, былай деп бата беріпті:

Керей деген елің көп,
Ел айналар шешен бол.
Жағаласар жауың көп,
Жауға шапсаң есер бол.
Ел ішінде дауың көп,
Жұрт алдында көсем бол,
Шайқасқан да есен бол,
Жекеге шықсаң желденіп,
Жауыңның басын кесер бол! – депті.

Осылай аузы дуалы батырдың айтқаны келіп Жәнібек әрі шешен, әрі батыр, әрі ақын болып өскен екен. 1710 жылы Әз-Тәуке ханның жарлығымен Жоңғар ордасына елшілікке Қаз дауысты Қазыбек бастаған бір топ елші барған. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ЕҢБЕКАҚЫ

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.
Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбекақы шегерімдері

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталынады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар толық ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.....
Рефераттар
Толық

Физиология | Еңбек физиологиясы

Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемелі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі организмдің өз белсенділігінен туады. Мәнез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әр бір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмдің маңызды қажеттілігі.
Адамдарда байқалатын мұқтаждығы тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсаттарға сәйкес үш топқа бөледі: тіршіліктік мақсаттар, тағамдық, жыныстық, қорғаныш іс − әрекеттерімен қанағаттандырады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектенуі, білім алу, спорт мәденитеттік қоғамда өз орнын табу іс әрекеттері жатады. Мұратты мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау, зерттеу құрайды.
Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін бір неше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек стажы Еңбек стажының түсінігі түрлері және оларға енетін кезеңдер

Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы – бұлбелгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардғы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластауға ұшырағанаумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек рыногының қызметі

Еңбек рыногы ( жұмыс күшінің ) – капиталдар, тауарлар, құнды қағаздар және т.с.с. рыноктары сияқты, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды және көп қырлы саласы. ХЕҰ сарапшылары жазғандай, «кәсіпкерлер мен еңбекшілер жалақыға және еңбек шарттарына қатысты ұжымдық немесе жеке келіссөздерді бірге жүргізеді».
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық . Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілеттің ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылық еңбекте пайдаланатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың жәнеде жақын болашақта жалданатын еңбек резервтеріне жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Демек еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастарымен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қаблеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ..
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үщін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болуы қажет:
- еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы,жұмыс берушілер және олардың одақтары,мемлекет және оның органдары)
- субъектілер қабылданған экономикалық бағдарламалар,шешімдер мен заң нормалары
- рынок механизмі(жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс,оның бағасы,бәсекелестік)
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер
- рынок инфрақұрылымы
Еңбек рыногының екі түрі бар:
1. Жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген,яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
2. Еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек рыногынындағы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай дегендi бiлдiредi.
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1.
Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Еңбек психологиясы

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс - әрекетке ұласып ол жүзеге асты. Я.А.Каменский «Ұлы дидактика», деген еңбегінде тұлға дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.
Әр түрлі іс - әрекеттік, дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мына жайттарды есепке алу керек:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
- белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
- ақыл – ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның мазмұны мыналарды қамтылуы тиіс.
1. Ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
2. Ойындардың тапсырмалардың әр түрлі тәсілімен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекілер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіп болуы шарт.
Жалпы, оқушылардың іс - әрекетінде пайдаланған ойындар дамытушылық – баланың физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін, елік) дамуын қамтамасыз ете алады.
Мектепте көркем шығармаларды тиімді пайдалану оқушьшардың сана-сезімін оятады, оларды жаңа өмір үшін күресуге тәрбиелейді. Тәрбие жұмысының саласында оқушылардың көркем - өнер іс - әрекетінің бірнеше формалары бар. Олар: әдебиет, музыка, көркемөнер үйірмелері; музыканы сүюшілер клубы: балалар шығармашылығының көрмесі мен сайысы; көркемөнер - паздар үйірмесі; көркемөнер галареясы, музей, табиғат, театр және кинотеатрлармен оқушыларды таныстыру үшін эстетикалық сайыстар; әдебиет және өнер қайраткерлерімен кездесулер; поэзия, музыка, кино және көркемөнер күндері; эстетикалық тақырыптарға жүргізілетін пікірталастар мен әңгімелер т.б.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақ композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете біле бермейді. Ал, осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының ескелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім. Міне, осыған орай, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды эстетика саласындағы, мәселелермен үнемі таныстырып отырудың тәрбиелік мәні өте зор.
Мақсаты– жеке тұлғаның қалыптастыруға қажетті негіз және қазіргі заман талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды анықтау.
Объектісі – жеке тұлғаның қалыптастырудағы қажетті қазіргі әлеуметтік қоғамның мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының пәні – тұлға ны қалыптастырудың әдіс тәсілдері, әсер етуші факторлар.
Міндетері:
1. Жеке тұлғаны қалыптастырудың – ежелден қалыптасқан факторлар мен озық идеялды ойлардың негіздерін оқып үйрену.
2. Жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті мұғалім және ортаның идеялық ой – жүйесін анықтау.
3. Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін факторларды анықтау.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек нарығы Жалақы факторлық табыс ретінде

Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы қалыптасады.
Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.
2006 жылдың екінші тоқсанында алдын ала деректер бойынша жалдамалы қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың баламалы тоқсанындағыға қарағанда 255,1 адамға, яғни 5,8 пайызға көп. Олардың 38,8 пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5 пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 миллион адам немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеген көрінеді.
Ал енді, республика экономикасында 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,3 миллион адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантады. Жұмыспен қамтылғандар құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі 63,8 пайызды, ал өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында 1,3 миллион адам, қызмет көрсету секторында 3,6 миллион адам қызмет көрсетуде. Осы тұста үстіміздегі жылы жұмыссыздар саны 634,1 мың адамды құрағандығын айта кету керек. Соның салдарынан осы салада бүгінгі таңда республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызды құрап отыр....
Рефераттар
Толық